
Алматы облысында коронавируспен ауырудың тағы 10 дерегі тіркелді. Оның 2-еуі - Жамбыл, 2-еуі - Ақсу, 3-еуі - Панфилов, 1-1-ден - Еңбекшіқазақ, Көксу аудандары мен Талдықорған қаласында анықталды.
1946, 1959, 1974, 1985, 1987 жылы туған әйел азаматтар мен 1954, 1959, 1987, 1988, 1991 жылы туған ер адамдар дене қызуының 38 С көрсеткішке дейін көтерілгеніне, әлсіздікке, тамақ ауруына, құрғақ жөтелге шағымданып жедел жәрдем қызметкерлерін шақыртып, тексеріліп, жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастар оқшауланып, байланыста болған адамдар карантинге алынды. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.
12 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 500 болса, соның ішінде 316 адам жазылып шыққан.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.