
Вирус жұқтырғандардың 9-ы – Талдықорған қаласынан, 5 - Көксу, 2 - Ақсу, 2 - Талғар және 1-1-ден Қарасай мен Іле аудандарынан анықталған.
Барлық науқастарда дене қызуының 38С көрсеткішке дейін көтерілуі, әлсіздік, тамақ ауруы, құрғақ жөтел пайда болған, олар жедел жәрдем қызметкерлерін шақыртып, медициналық көмекке жүгінген. Олар жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастар оқшауланып, байланыста болған адамдар карантинге алынды. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Сөйтіп 11 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 490 адам тіркелсе, соның 321-і жазылып шыққан.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.