Кеген ауданында тамшылатып суару технологиясы енгізілуде

Кеген ауданында тамшылатып суару технологиясы енгізілуде

Кеген ауданына сапар барысында Марат Сұлтанғазиев кәсіпкер-аграршылармен және тұрғындармен кездесу өткізді, сондай-ақ кейбір ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметімен танысты.
Ауданның кәсіпкерлік саласының өкілдерімен кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов, биыл тамшылатып суару технологиясын енгізуге ниет білдіргендер үшін "Ауыл аманаты" жобасы аясында жеңілдік қарастырылғанын атап өтті.
- «Ауыл шаруашылығын, оның ішінде аграрлық саланы қолдау, бүгінгі күні басым міндеттердің бірі болып отыр. Биыл "Ауыл аманаты" жобасы бойынша су үнемдеу технологияларын енгізуге кредиттер беру жоспарлануда. Қазіргі таңда елу пайыздық субсидиялау болжануда, алайда оны 80% - ға дейін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Яғни, фермер бір гектар үшін шамамен 160 мың теңге төлейді. Біз осы кездесуге сіздер үшін тамшылатып суару жүйесін жобалайтын және жасайтын үш өндіруші компанияны шақырдық», - деді.
Алмас Батановтың айтуынша, "Ауыл аманаты" бағдарламасы, шаруаларға жылдық мөлшерлемесі 2,5% - бен 9 млн теңгеге дейін жеті жылға несие алуға, және мұндай бастама азаматтарға өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кездесуде субсидиялауға және ауыл шаруашылығы жобасына қатысу шарттарына байланысты мәселелер айтылды. Ал аудан кәсіпкерлері осы шараларды қолдануға ниетті.
Өңір басшысы шаруа қожалықтарының кейбір өкілдері, мұндай мемлекеттік қолдау шараларының бар екендегі туралы білмейтінін атап өтті.
- Бұл туралы біз ауыл және аудан әкімдеріне үнемі айтып жүрміз. Осы бағыттағы жұмыстарды орындауға жауапкершілікпен қарау керек. Аудан әкіміне осы бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімін жасап, маған жеке ұсынуды тапсырамын, - деді Марат Сұлтанғазиев.