COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 13 адам анықталды

COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 13 адам анықталды

Вирусты жұқтырған 10 адам – Талдықорған қаласында, 2 адам – Сарқан және 1 адам Қарасай аудандарында анықталған.

Сырқаттанғандардың ең үлкені 79 жаста.Олардың барлығы да дене қызуының 38,5С-ке дейін көтерілуіне, әлсіздікке, тамақ ауруына шағымданып жедел жәрдем қызметкерлерін шақыртқан. ЖРВИ, пневмония  және бронхит диагнозымен жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған. COVID-19 инфекциясы анықталған соң науқастар оқшауландырылып, олармен байланыста болған адамдар карантинге алынды.  Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен, 10 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 470 болса, соның 309-ы жазылып шыққан.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.