Коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам тіркелді

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам тіркелді

Облыста вирус жұқтырған 5 адам – Талдықорған қаласында, 2 адам – Қарасай  ауданында, 3 адам - Ескелді ауданында  және 1 адам Текелі қаласында анықталған.

Олардың арасында 2019, 2020 жылы туған сәбилер де бар. 11 науқастың барлығының дене қызуы көтеріліп, әлсіздікке, тамақ ауруына шағымданып жедел жәрдем қызметкерлерін шақыртқан. Оларға ЖРВИ және пневмония диагнозы қойылып, жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған.

Қазіргі уақытта науқастар оқшауланып, байланыста болған адамдар карантинге алынды.  Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізілуде.

9 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 457 адам болса, олардың ішінде 287-і жазылып шыққан.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.