Тағайындау

Тағайындау

Ағымдағы жылғы 9 ақпанынан Ғалым Қасымұлы Тоқпейісов облыстың жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Ғалым Қасымұлы, 1967 жылы туған, білімі жоғары, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит», 2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы «Жиделі» ұжымшарының жұмысшысы болып бастаған.
Әр жылдары «Ақдала» акционерлік қоғамының жоспарлау және есеп бөлімінің бастығы, бас экономисті, Балқаш ауданының Ақдала ауылының әкімі, Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасының бастығы, Көксу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысының әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, қаржы-шаруашылық бөлімдерінің меңгерушісі, Көксу ауданының әкімі, Алматы облысының жер қатынастары басқармасының басшысы, Балқаш ауданының әкімі қызметін атқарған.

2023 жылдың маусым айынан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымында болған.