Алматы облысында 5 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Алматы облысында 5 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Алматы облысындағы вирусты жұқтырғандардың  3-еуі - Талдықорған және 2-еуі Қапшағай қалаларында анықталған. 

Олар дене қызуының 38С көрсеткішке дейін көтерілуіне, әлсіздікке, тамақ ауруына шағымданып жедел жәрдем қызметкерлерін шақыртқан. ЖРВИ және пневмония диагнозымен жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Қазіргі уақытта науқастар оқшауланып, байланыста болған адамдар карантинге алынды. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

8 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны  446 адамға жетсе, соның 287-сі жазылып шыққан. 

Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі