
Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 адам тіркелді Вирусты жұқтырған 2 адам – Қарасай ауданында, 2 адам – Жамбыл ауданында, 1 адам – Көксу ауданында, 4 адам – Іле ауданында анықталды. Олардың ішінде 4 адам бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен байланыста болған. Ал 5 адам дене қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, құрғақ жөтелге шағынып, жедел жәрдем қызметкерлерін шақыртқан. Науқастардың барлығы жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Қазіргі уақытта науқастар оқшауландырылып, байланыста болған адамдар карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексеру жүріп жатыр. 5 маусымда жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 422 адам тіркелген, олардың ішінде 267-і жазылып шыққан.
Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.