Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам тіркелді

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам тіркелді

Алматы облысында вирус жұқтырған 11 деректің 2 жағдайы - Іле ауданында, 2 - Көксу ауданында, 1 – Жамбыл ауданында, 2 – Сарқан ауданында, 4 – Кеген ауданында тіркелген. Олардың барлығы дене қызуының көтерілуі мен әлсіздікке шағынып, жедел жәрдем қызметкерлерін шақыртқан. Оның ішінде 2020 жылы туған сәби де бар. Сырқаттар ЖРВИ немесе пневмония диагнозымен жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған. Науқастар қазіргі уақытта оқшауландырылып, байланыста болған адамдар карантинге алынды.  Эпидемиологиялық тексерулер жүріп жатыр.
Сонымен 4 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 413-ке, жазылғандар 248-ге жетті. 

   
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.