
Биылғы жылы облыста жергілікті маңыздағы жолдардың сапасын жақсарту үшін 556 жобаны жүзеге асыруға 62,7 млрд.теңге қарастырылған, соның ішінде республикалық бюджеттен – 12,9 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 49,8 млрд. теңге. Оның 15,3 млрд. теңгелік 40 жобасын «Нұрлы жол» шеңберінде, 3,5 млрд.теңгелік 19 жобасын «Ауыл - Ел бесігі» бойынша, 19,7 млрд. теңгелік 337 жобасын «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша, 24,2 млрд. теңгелік 160 жобасын жергілікті бюджет есебінен Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша жүзеге асыру қарастырылған.
Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2020 жылы «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті маңыздағы автокөлік жолының 326,3 шақырымын қайта жаңғырту мен құрылысын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, 29 шақырымды қайта жаңғыртуға 4 634,3 млн. теңге, соның ішінде Балқаш көліне дейінгі 19 шақырым автожолға – 4 010,0 млн. теңге, 4 км автожол мен 12 көпірді күрделі жөндеуге - 1 799,6 млн. теңге, 293,3 км жолды орташа жөндеуден өткізуге 8 881,1 млн. теңге бағытталады.
Жалпы 2025 жылға дейін «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 188,7 км жолға құрылыс пен қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу, 120,2 км жол мен 16 көпірді күрделі жөндеу, облыстық маңыздағы 1 480 км автокөлік жолына орташа жөндеу жалпы сомасы шамамен 148 511,9 млн. теңгеге жүргізіледі деп жоспарланған. Солардың қатарында айтулы ірі жобалар да бар. Мәселен, бұл қатарда жалпы сомасы шамамен 51,0 млрд. теңге болатын ұзындығы 36,4 км «БАКАД-тың алты радиалды жолдарының құрылысы» жобасын, Балқаш көліне дейінгі ұзындығы 75 км автожолды 18,0 млрд. теңгеге қайта жаңғыртуды аяқтау жұмыстарын атауға болады.
Қабылданған шаралар мен жоспарланған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде «Нұрлы Жол» бағдарламасымен 2025 жылға дейін өңірдегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңыздағы жолдардың үлесін 99 %-ке жеткізу көзделіп отыр.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.