Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 31 наурызында шығып қалған депутаттардың орнына Қарасай, Талғар, Жамбыл аудандары мен Қонаев қаласында мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтетінін хабарлайды. Бұл сайлау бірмандаттық төрт сайлау округтері бойынша өтеді.

Шығып қалған депутаттардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1-тармағында көзделген.

Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдерін аудандардың және Қонаев қаласының тиісті аумақтық сайлау комиссиялары айқындайды.

Алдағы уақытта  болатын сайлау туралы толығырақ ақпаратты аудандар мен Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларынан алуға болады.