Көптен күткен көгілдір отын енді әрбір шаңырақта қолжетімді болды

Көптен күткен көгілдір отын   енді әрбір шаңырақта қолжетімді болды

Бүгінгі күні Жамбыл ауданының  28 елді-мекені табиғи газбен қамтылған. Бұл 46 % құрайды. Аудан бойынша 31 575 жеке тұрғын үй бар оның, 23 795 табиғи газға қосылған, бұл 75 % құрайды. Биыл Тарғап, Самсы, Үлгілі ауылдарына табиғи газ құбырын тарту жұмыстары аяқталып, тұтынуға берілді. Алдағы уақытта Ақтерек ауылы да газбен қамтамасыздандырылады.

Сонымен қатар,  Б. Қыдырбекұлы, Жайсан, Ақсеңгір, Көкдала және Қазбек бек, Бірлік ауылдарын газдандыруға бюджеттен 398 млн.теңге қаржы қарастырылып құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

5 ауылды (Беріктас, Арқарлы, Таңбалытас, Шилібастау, Дегерес) газдандыруға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2024 жылға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджетке сұраныс берілген. 2023 жылға құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға Беріктас ауылына 1,0 млн.тг және Дегерес ауылына 1,0 млн.тг қаржы бөлінді.

Қазіргі уақытта 9 ауылға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу қажет. Атап айтқанда : Мәтібұлақ, Көкқайнар, Қызылсоқ, Айдарлы, Бозой, Ащысу, Қопа, Бұлақ, Ақдала ауылдары. Жобалық іздестіру жұмыстарын әзірлеп облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасына ұсыныс әзірленуде. Жалпы газдандыру жұмыстары біртіндеп орындалуда. Бұл жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табады. Алматы облысындағы аудандармен салыстырғанда Жамбыл ауданы газдандыру бойынша алдыңғы қатарда.