Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы облыс активінде таныстырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы облыс активінде таныстырылды

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңадан тағайындалған Алматы облысы бойынша департаменті бастығын облыс активі жиналысында таныстырды.
Мемлекет басшысының келісімімен ағымдағы жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының бұйрығымен Жармақов Болат Серікпайұлы Алматы облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов қатысып, жаңадан сайланған басшыны таныстырып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Мемлекет сыбайлас жемқорлықпен толықтай жойылғанға дейін күресуге тиіс. Ешкім де заңнан жоғары бола алмайды» деп, атап айтқан болатын.
- «Мемлекет басшысы алдымызға қойған міндеттерді Сіздермен бірлесе отырып, жүзеге асырамыз деп сенемін. Қазіргі уақытта біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше көңіл бөлінуде, бұл мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Осы жұмыста барлығымызға сәттілік тілеймін», - деді облыс әкімі.