Облыста 34 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты

Облыста 34 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты

Алматы облысында 34 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты.

Олар - Іле, Кеген, Панфилов, Қаратал, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласының тұрғындары. Жазылғандардың ең кішісі – алты айлық сәби болса, ең үлкені - 71 жастағы зейнеткер. Пациенттер 15 мамырдан бастап Алматы облысындағы инфекциялық ауруханаларда ем қабылдаған. Денсаулықтарына қатысты шағымдары жоқ.

Сонымен бүгінгі күні облыста коронавирустан жазылып шыққандар саны 248-ге жетті.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.