Коронавирус жұқтырған 21 адам тіркелді

Коронавирус жұқтырған 21 адам тіркелді

Алматы облысында тіркелген 21 жағдайдың 3-еуі - Қарасай ауданында, 5-еуі – Талдықорғанда, 4 – Іле ауданында, 4 – Ескелді ауданында, 2 – Талғар ауданында, 1 – Сарқан, 1 - Қаратал, 1- Еңбекшіқазақ аудандарында орын алды.

Олардың 6-уы бұрын коронавируспен ауырған адаммен байланыста болғандар болса, ал тағы 6-уы дене қызуының көтерілуі мен әлсіздігіне шағынып, жедел жәрдем қызметкерлерін шақыртқан, сол сияқты 9 азаматтың науқасы профилактикалық тексеруден өту барысында анықталған. Зертханалық тексеру нәтижелері барлығында коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.

Барлық науқастар оқшау орналастырылып, жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр.

3 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында инфекция жұқтырғандар саны 402 болды, олардың 214-і жазылып шықты.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.