Тағы 5 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Тағы 5 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Облыстағы вирус жұқтырудың 5 дерегі де Талдықорғанда тіркелді.

1960, 1990, 2004, 2010, 2014 жылдары туған 5 азамат та дене қызуы көтеріліп, әлсіздік меңдеп, жедел жәрдем қызметкерлерін шақыртқан. Лабороториялық тексеріс нәтижесі коронавирус инфекциясына оң нәтиже берді.

Барлық науқастар оқшауландырылып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр.

2 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында инфекция жұқтырғандар саны 381 болды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.