Алматы облысының 3 ауданында магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

Алматы облысының 3 ауданында магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

Алматы облысының Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы мен Қонаев қалалық ауруханасында магнитті-резонансты томография қолданысқа берілді. Қуаты 1,5 Тесла болатын "GE Signa Voyager" магнитті-резонанстық томографының сараптамалық жабдығы облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен орнатылды. Облыс тұрғындары үшін бұл қызмет түрі МӘМС шеңберінде тегін көрсетілетіледі.

"Өңірде 1,5 млн-нан астам халық тұрады. «Дені сау ұлт» жобасы аясында сатып алынған 3 МРТ аппараты халық тығыз орналасқан аудандарға орналастырылды. Осы уақытқа дейін аудан тұрғындары МРТ түсу үшін Алматы қаласына баратын. Бүгінгі күні пациенттер диагностикалық қызметтердің барлық спектрін МӘМС шеңберінде ала алады", - деді Лейла Серікбаева.

Аталған құрылғымен жұмыс жасау үшін медицина қызметкерлері арнайы біліктілік курстарынан өтті. МРТ аппараты - миды, мойын тамырларын, мойынның жұмсақ тіндерін, омыртқа мен жұлынды, сүйек-буын жүйесін, іш қуысы мен жамбас мүшелерін, кеуде қуысының мүшелерін зерттеуге мүмкіндік береді.