Жаңа жыл қарсаңындағы сыйлық

Жаңа жыл қарсаңындағы сыйлық

Жаңа жыл қарсаңында Шелек ауылындағы Хусаин Бижанов атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушысы Абдрахманова Томирис Алматы облысы әкімі Султангазиев Марат Елеусізұлына хат жолдады.
Марат Елеусізұлының осы мектепте оқығанын Томирис сынып жетекшісінен білген. Мектептің фойесінде «Дарынды шәкірт-білікті ұстаздан» атты стенд орналасқан. Сол стендте мектептің ардагер ұстаздары және мектеп түлектерінің суреттері бар. Томирис осы мектепте оқитынынын мақтан тұтады, өйткені Марат Елеусізұлы мектептің түлегі - бүгінгі күні Алматы облысының әкімі. Мүмкін мен отырған партада Марат ағай отырған шығар деп мұғаліміне сұрақ қояды.
Томирис –көп балалы отбасынан. Үлгерімі жақсы, бос уақытында музыка мектебіне барады. Ол фортепианода ойнауды үйреніп жүр. Жетістіктері бар. Бірақ Томирис басқа да музыкалық аспапта ойнауды үйренгісі келеді.
Алматы облысының білім басқармасының басшысы С.Беспаева облыс әкімінің атынан домбыра мен гитараны сыйға табыстады.