
Министрмен кездесуде қоғамның барлық салаларындағы сапалы өзгерістерге бағытталған Мемлекет басшысының реформалары мен бастамаларын тиімді жүзеге асырудың өзекті мәселелері мен нәтижелері талқыланды.
Министр Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында ведомствоның атқарып жатқан шараларына тоқталды. Облыста жұмыс істейтін 600-ден астам ҮЕҰ мен 36 ірі волонтерлік ұйым әлеуметтік маңызды жұмыстармен, соның ішінде ауылдық деңгейде де айналысады. Азаматтар мен ҮЕҰ-ның мемлекет істерін басқаруға кеңінен қатысуына мүмкіндік беретін «Қоғамдық бақылау туралы» Заң қабылданды.
Шығармашылық индустрияны дамыту бойынша жұмыс шеңберінде әрбір облыс орталығы мен ірі қалада шығармашылық индустрия орталықтарын қалыптастыруды қамтитын қолдау шараларының жеке кешені әзірленуде.
Сарапшылар қауымдастығымен, сондай-ақ сала өкілдерімен бірлесіп, авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау бойынша бірқатар жаңалықтарды, шығармашылық сала қызметкерлеріне қолдау көрсету шаралары мен преференцияларды қарастыратын заңнаманы өзгерту тәсілдері талқыланады.
Шығармашылық индустрияны дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітіліп, жүзеге асырылуда. Үкімет 12 негізгі бағыт бойынша шығармашылық салаға қатысты экономикалық қызметтің 43 түрін анықтады.
«Шығармашылық салаларды дамыту, ең алдымен, жастар үшін жаңа, жоғары табысты қолжетімді жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар мен шалғай елді мекендерде тұратын азаматтар үшін өзін-өзі жүзеге асыру үшін тартымды аймаққа айналады. Олар отандық мәдениеттегі оң өзгерістердің негізін қалап, оның субсидияланатын саладан жоғары қосымша құн тудыратын, мәдениет қызметкерлерінің беделінің нығаюын қамтамасыз ететін салаға көшуін қамтамасыз етеді», - деді басқарма басшысы келешегін баяндады. Бүгінде шығармашылық салаларда 95 мың адам, 32 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыспен қамтылған.
Алматы облысының тұрғындарымен кездесуде шындыққа сәйкес келмейтін, халықты адастыратын ақпаратты жариялаған блогерлер мен мемлекеттік әкімшілерге жауапкершілікті күшейту туралы ұсыныстар айтылды. Осы орайда министр шілде айында БАҚ заңнамасын жетілдіру мақсатында «Интернет-платформалар және интернет-жарнама туралы» заң қабылданғанын еске салды. Дезинформациямен күресудің бұл нормасы қазірдің өзінде күшіне енді. Үш жарым айдың ішінде 150 тапсырыс жіберілді. Қатысушылар отандық киноиндустрияда соңғы жылдары шығарылып жатқан контентке де тоқталды. Халықтың діни сауаттылығын арттыру, балалар әдебиетін шығаруға қолдау көрсету жөнінде мәселелер көтерілді.
Азаматтарды жеке қабылдау барысында басқарма басшысы жас мамандардың еңбекақысын көтеру, отандық БАҚ саласын дамытуға қатысты сұрақтарға жауап берді, облыстың азаматтық сектор өкілдері облыстағы жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуді сұрады.
Министрдің Алматы облысына жұмыс сапары облыстық және республикалық БАҚ өкілдерімен кездесумен аяқталды.
БАҚ өкілдерін «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасының негізгі жаңалықтары, министрліктің журналистердің мәртебесін арттыру, баспа газеттерін дамыту, кәсіби журналистика бойынша атқарып жатқан шаралары қызықтырды.