Қонаев қаласы әкімінің шыршасына 150 бала қатысты

Қонаев қаласы әкімінің шыршасына 150 бала қатысты

Бүгін шаһардағы орта-мектеп гимназияның қабырғасында Қонаев қаласы әкімінің шыршасы өтті. Оған әлеуметтік осал топтан шыққан 150 бала қатысты.

Шараға қала әкімінің орынбасары Марлан Жолдахмет арнайы қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.

Шыршада түрлі кейіпкерлердің қатысуымен қойылымдар қойылып, балақайлар ән шырқап, би биледі. Кейіннен оларға сый-сияпаттар табыс етілді.

Жалпы биыл қалада Жаңа жыл мерекесі ауқымды тойлануда. Мысалы, «Қамқор жүрек» қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі 40 балаға, «Қапшағай Самға» бірлестігі 33 балаға арнап шырша өткізсе, алдағы уақытта күндізгі болу орталығы 29 балаға, «Алтын-бала» қоғамдық қоры 15 балаға арнайы мерекелік шара ұйымдастырмақ. Сондай-ақ қалада тұратын мүмкіндігі шектеулі балалардың барлығы сыйлықтармен қамтылады. Денсаулық жағдайына байланысты қозғала алатын 186 бала шыршаға қатысса, үйден шыға алмайтын мүгедектігі бар балаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары үйіне барып құттықтап, сыйлықтар табыстайды.

Бұдан бөлек, шаһарда 16 мектеп орналасқан. Онда 13000-нан астам бала оқиды. Барлық білім ошақтарында салтанатты кештер өтіп жатыр.