Алматы облысында карантин алынады

Алматы облысында карантин алынады

Алматы облысында карантин алынып тасталады, облыс аумағында шектеу шараларын кезең-кезеңімен енгізу жалғасады. Бұл туралы Алматы облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысында айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қаулыға сәйкес, Облыстың периметрі бойынша, облыстың аудандары мен қалалары арасындағы блокпосттар мен санитарлық посттардың барлығы алынып тасталады. Ел ішіндегі жолаушыларға арналған көлік қатынастарының барлық түрлерінің жұмысы жанданады, қоғамдық көлік жұмысы шектелмейді. Темір жол бекеттері мен автобекеттерге кіреберісте келушілердің дене қызуы қашықтан өлшенеді.

Мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, басқа да кеңселер әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істейді. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 30% қашықтықтан жұмыс істеу режимінде қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер).

Жабық үй-жайларда ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды, сондай-ақ спорттық іс-шараларды өткізуге, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметіне тыйым салу жалғасады.

Мемлекеттің өзге өңірлерінен, өзге өңірлеріне әуе, темір жол және автокөлік жолаушыларын күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып тасымалдауға рұқсат етіледі. Әрбір рейстің алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеу талап етіледі.

Сол сияқты ішіндегі ойын және ойын-сауық нысандарының қызметін қоспағанда саябақтар, скверлер ашылады.

Көрші үстелдердің шеткі орындарының аралығы кемінде 2 метр болатын Әлеуметтік ара қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келушілердің саны 50 адамға дейін шектелген қоғамдық тамақтану нысандары(оның ішінде жазғы павильондар) қайта іске кіріседі, бұл ретте ұжымдық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілмейді.

Моншалар, сауналар, СПА-орталықтар, массаж орталықтары, бассейндер ашылады. Сонымен қатар елді мекен аумағында жағдай эпидемиологиялық жағынан жайлы болған жағдайда ішіндегі балалар ойын алаңдары, кинотеатрлар мен фут-корттарды қоспағанда сауда-ойын-сауық орталықтары жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі мекемелер, сол сияқты білім беру ұйымдары, үйірмелер (алдын ала жалызым бойынша), фитнес қызметін көрсету нысандары, халыққа арналған спорт кешендері жұмыс істейді. Көрерменсіз спорт нысандары мен мәдениет нысандары, сол сияқты санаторлық-курорттық бағыттағы нысандар, демалыс үйлері жұмысын бастайды.

Алматы облысының тұрғындарына облыс аумағы ішінде және одан тыс жерлерде еркін қозғалысқа рұқсат етіледі. Жабық ғимараттарда және көшеде, соның ішінде сауда нысандарында, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа да халық көп жиналатын орындарда бір-бірінен кемі екі метрлік әлеуметтік қашықтық сақталуы қажет. Барлық жерлерде, атап айтқанда қоғамдық көлікте бетпердесіз жүруге, сол сияқты халық көп жиналатын отбасылық және еске алу шараларын, жабық ғимараттарда спорттық шараларды өткізуге тыйым салынады.

Сонымен бірге, кинотеатрлардың, көрмелердің, интернет- және компьютер клубтарының, ойын нысандарының, түнгі клубтардың, кальян, ойын-сауық нысандарының (букмекерлік, бильярдтық, караоке, ps-клубтар, квесттар, антикафе, боулинг-орталықтар т.б.), сол сияқты онлайн-тапсырыстар мен жеткізу қызметін қоспағанда 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына жасалатын тыйым жалғасады.

Қаулы 2020 жылғы 1 маусымда сағат 00.00-ден, яғни 31 мамырдан 1 маусымға қараған түнде күшіне енеді. Іске қосылатын барлық нысандарда санитарлық және дезинфекциялық режимдерді қатаң сақталуы тиіс.

   Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.