Алматы облысында коронавирус инфекциясының 4 жағдайы тіркелді

Алматы облысында коронавирус инфекциясының 4 жағдайы тіркелді

Алматы облысында коронавирус инфекциясының 4 жағдайы тіркелді. Оның 3-еуі облыс орталығы Талдықорған қаласында, 1 жағдай Қапшағай қаласынан орын алды.
1947, 1953, 1955, 1989 жылы туған науқастар ауруханада профилактикалық тексеруден өткізілген. Олардан коронавирус инфекциясы анықталған соң олардың барлығы оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.
30 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында инфекция жұқтырған 353 адам тіркелген, оның 182-сі толығымен емделіп, ауруханадан шығарылды. 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі