
Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам тіркелді.
Атап айтқанда, Талдықорған қаласында вирус жұқтырғандардың саны - 10, Қапшағай қаласында - 8, Қарасай, Панфилов, Алакөл аудандарының əрқайсында 1 жағдайдан және Текелі қаласында 2 жағдай тіркелді.
Барлық 23 науқас белсенді түрде анықталды, 14 науқас бұрын коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған, 9-ының науқасы профилактикалық тексеру барысында анықталды.
Барлық науқастар бұрын оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасуда.
29 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында инфекция жұқтырған 349 адам тіркелген.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.