Коронавирус індетінің тағы 7 жаңа дерегі тіркелді

Коронавирус індетінің тағы 7 жаңа дерегі тіркелді

Алматы облысында коронавирус індетінің тағы 7 жаңа дерегі тіркелді.
Атап айтқанда Қапшағай қаласы жəне Қарасай мен Талғар аудандарының əрқайсында 2 жағдайдан, Іле ауданында 1 жағдай анықталды. 7 науқас та белсенді түрде анықталған: 1980, 1986 жылдары туған 2 пациент бұрын сырқаттанғандармен байданыста болған, ал 1970, 1985, 1998 жылы туғандар мен  1988 жылы туған екі азаматтың індет жұқтырғаны  профилактикалық тексерілу барысында анықталды. Ауырғандардың барлығы оқшауландырылып, қазір инфекциялық бөлімге ауыстырылды.
Эпидемиологиялық  зерттеу жалғасуда.
28 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 326 дерегі тіркелді.

Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.