
Алматы облысында вирус жұқтырудың 12 деректің 7 дерегі Талғар ауданында, 4-еуі - Талдықорған қаласында, 1-еуі Еңбекшіқазақ ауданында тіркелді.
Барлық 12 науқас белсенді түрде анықталды, олардың 11-і бұрын коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған, 1 профилактикалық тексеру барысында белігілі болды.
Науқастар бұрын оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексерулер жүрріп жатыр.
25 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында инфекция жұқтырғандар саны 300 адамға жетті.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.