Карантин шараларын кезең-кезеңімен босаңсыту жалғасуда

Карантин шараларын кезең-кезеңімен босаңсыту жалғасуда

COVID-19 инфекциясының таралуы соңғы 7 тәулікте 7%-тен асқан Талдықорған қаласы, Талғар, Кеген аудандарынан басқа Алматы облысының аймақтарында карантин шараларын кезең-кезеңімен босаңсыту жалғасуда. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кеше шыққан қаулысында мәлімделді.

 

Жаңа қаулыда айтылғандай, жабық ғимараттарда, соның ішінде сауда орындарында, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа да халық көп жиналатын орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтаулары, бірі бірінен екі метрдей қашықтық ұстануы тиіс. Барлық жерде, сол қатарда қоғамдық көлікті маскасыз жүруге болмайды. Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (мұрын бітелуі, түшкіру, дене қызуының көтерілуі) байқалған кезде үйден медициналық көмекке жүніп, 103 нөмірімен жедел медициналық көмек шақыру керек. Тұрғылықты жерден сыртқа еркін шығу, саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға, елді мекеннен саяжайларға, қала шетіндегі тұрғын-жайларға барғанда бір отбасы мүшелерінен немесе 3 адамнан артық шығуға әрі маскасыз жүруге болмайды, әлеуметтік қашықтықты сақтаулары тиіс.

 

Жаңа қаулы талаптарына сәйкес 30 адамға дейін қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану орындары (жазғы павильондар да) келушілерді әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып отырғызу, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді орындау негізінде іске кіріседі. Ал 30-дан артық орындарға қызмет көрсетуші қоғамдық тамақтану орындары өз жұмысын тұтынушыға тауарды (тағам, сусын, және т.б.) бір реттік пайдалану қаптамасымен қаптап жеткізу жолымен жалғастыра береді.

 

Көрерменсіз 50 орынға дейінгі ашық стадиондар, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып спорт нысандары  (50 адамға дейінгі спортсмендер үшін), Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларын дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базалары жұмыс істейді.

 

Сол сияқты халықтың орналасып тұруына қызмет көрсету саласындағы нысандар (қонақ үйлер, отельдер) мен туризм нысаналары, қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізе отырып (дене қызуын өлшеп), ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттете отырып және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, балалардың коррекциялық кабинеттері (алдын ала жазу бойынша), әлеуметтік қашықтықты, желдету режимін және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып діни нысандар іске кіріседі.

 

Жоспарлы медициналық қызмет көрсету жалғасады, бұл орайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы барлық медициналық ұйымдардың таза және лас аймақтарға бөле отырып, инфекциялық стационар қағидаты бойынша жұмыс істеуін,барлық денсаулық сақтау ұйымдарында пациенттердің барлық ағымының дене температурасын өлшеу үшін тепловизорлармен қамтамасыз ете отырып, шлюздер ұйымдастыруды, көп бейінді ауруханалардың қабылдау бөлімінде пациенттердің күнделікті ағымын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлуді қамтамасыз етуге тиіс.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.