Үздіксіз жылу беру шаралары шұғыл қабылданды

Үздіксіз жылу беру шаралары шұғыл қабылданды


12.09.2023 жылы сағат 12:41-де Кеген ауылындағы Парковая көшесінде орналасқан 4 қабатты үйдің ішінде орналасқан «BURAN» қазандығы жарылды. Үй 32 пәтерден тұратын көпқабатты үйде 82 адам тұрады.
Тұрғындарды уақытша жылумен қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің  «Талғар Жылу» МКҚК атынан монтаждау ұйымымен бірлесіп дизель қазандығы жеткізіліп, орнатылды.
Оқиға орнына энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Р.Өтелбаев пен коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Т.Ақмырзаев барды.

Тұрақты жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін қазандықты орнату жұмыстары үздіксіз жүргізілуде, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің жедел және сауатты әрекеттерінің арқасында жағдай уақтылы түзетілді.

Бұл мәселе ҚР Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Айта кетсек, үйдің құрылысы 2014 жылы басталып, 2016 жылы пайдалануға берілген.Тұрғын ауданы – 965,6 м2,қҚұрылыстың жалпы ауданы – 1845,5 м2
Тапсырыс беруші – «Райымбек ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мердігер – «Бледа» ЖШС. Жобаның құны – 224,6 млн.теңге құрады.