Өнеркәсіп саласының дамуы қарқын алуда

Өнеркәсіп саласының дамуы қарқын алуда

​Алматы облысының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,4 трлн. теңгеге жетті. Бұл туралы Қарасай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Марат Сұлтанғазиев хабарлады. Оның айтуынша, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп саласының өндіріс көлемі 7,7% ұлғайды.
​Өз сөзінде облыс әкімі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімнің 8,3% өскенін және 1,9 трлн. теңгені құрайтынын атап өтті.
​«Ағымдағы жыл ішінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қолайлы динамиканың жалғасуы байқалады. Сауда-саттық көлемі 1,1% артып, 1,2 трлн. теңгеге жетті. Құрылыс саласы өткен жылмен салыстырғанда 220,7 млрд. теңгеге жетіп, 0,5% өскен, өткен жылы 210,9 млрд. теңгені құрағанын атап өту маңызды. Бұл оң үрдістер облыс экономикасының тұрақтылығы мен дамуын айғақтайды», - деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.
​Аудан тұрғындарымен кездесу аясында облыс әкімі ағымдағы жылы жаңа тұрғын үйді пайдалануға берудің 11,5% өскенін, бұл көрсеткіш 724,80 мың м2 болғанын және өткен жылмен салыстырғанда 808 мың шаршы метр көлемге жеткенін айтты.
​«Бұл елеулі өсім құрылыс саласындағы қарқынды жұмыстарды көрсетеді. Сонымен қатар, қажетті заңнамалық рұқсаттарды белсенді беру жалғасуда, ағымдағы жылдың алғашқы 10 айында құрылысқа 538 рұқсат берілді. Бұл көрсеткіштер тұрғын үй құрылысындағы тұрақты және елеулі өсуді көрсетеді, бұл өңірдің тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту үшін оң көршеткіш болып табылады», - деп қорытындылады Марат Сұлтанғазиев.