
Алматы облысында құрылыс нормалары мен ережелерін бұзу бойынша 664 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 204 іс шешім шығару үшін сотқа жолданған. Алматы облысының соттары 167 субъектіні әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде қызметін тоқтата тұру және лицензиясынан айыру туралы шешім шығарылды, сондай-ақ тағы 37 іс қаралуда.
Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы тарапынан өз бетінше салынған нысандарды мәжбүрлеп бұзуға қатысты 10 әкімшілік іс сотқа жолданған. Қазіргі уақытта «Оrda Town» көпқабатты тұрғын үй кешені, «Нұрия-3» тұрғын үй кешені, Еңбекшіқазақ ауданындағы спорт кешені мен Қарасай ауданындағы сауда кешені нысандары бойынша сот процесі жүріп жатыр.
Бұл ретте, облыс тұрғындарын, шағын және орта бизнес өкілдерін, объектінің құрылысын жүзеге асыру ниеті бар тапсырыс берушілерден, объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат құжаттарымен қамтамасыз ету сұралады.