Алматы энергокешені үшін газ инфрақұрылымы құрылысының бірінші кезеңі аяқталды

Алматы энергокешені үшін газ инфрақұрылымы құрылысының бірінші кезеңі аяқталды

Алматы энергокешенін газға ауыстыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «QazaqGaz «ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Интергаз Орталық Азия» ұйымы газ инфрақұрылымы құрылысының бірінші кезеңін аяқтады.
Аталған жоба – қаладағы және қала маңындағы елді-мекендердегі ауаның ластануын азайту арқылы Алматы тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталады, сондай-ақ энергия тапшылығын жоюға серпін береді.
Бірінші кезеңге екі автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы және «Алматы-Байсерке-Талғар» және «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырларын біріктіретін ТІР-04 жалғастырғыш құбырлары кірді.
Автоматтандырылған газ тарату станциясын және жалғастырғыш құбырды (ТІР-04) іске қосуға арналған іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Амрин, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Елжас Отыншиев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов және «QazaqGaz «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты.
«Бүгінгі күн Алматы қаласы мен Алматы облысы тұрғындары үшін маңызды күн! Алматы облысының Қарасай, Іле, Талғар аудандарында орналасқан жылу электр орталықтарын көгілдір отынға ауыстыру, облысымыздың бірнеше елді мекендерінің экологиясын жақсартып, бірқатарын газбен қамтыйтын болады. Аталған жоба сонымен қатар «G4 City» жобасы аясында салынатын қаланы газбен қамтамасыз етеді»,-деп атап өтті Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.