"Сонар - 2023"

"Сонар - 2023"

Ағымдагы жылдын 2-5 қараша күндері аралығында Еңбекшіқазақ ауданы, Төле би ауылының аумағы, «Қыран» Дәстүрлі Аңшылық орталығында Ұлттық спорт түрі құсбегіліктен «СОНАР-2023» Халықаралық турнирі өтті. Аталған іс-шараға Қытай Халық Республикасы мен Моңғолия мемлекетінен және еліміздің облыстары мен қалаларынан 10 команда, 100-ге жуық құсбегі қатысты. 
Жарыс нәтижесі бойынша:
Бүркіт:

1орын-Қошқаров Арман,
Құстын аты-Нарын (Атырау облысы);
2 орын-Жалғасұлы Серікбосын
 Құстын аты-Жанқияр (Жамбыл облысы);
3 орын-Қамбарбаев Мақұтбек
 Құстын аты-Ақбалақ (Алматы облысы);
3 орын-Сұлтанғазы Жандос 
Құстың аты-Мұзбұлақ  (Алматы облысы).

 Қаршыға:

1 орын-Бабажан Берікболсын
 Құстын аты-Қоймас (Жамбыл облысы);
2 орын-Паң Төлемырза
 Құстын аты-Шипок (Түркістан облысы);
3 орын-Жапар Абылай 
Құстын аты-Кокжендет (Алматы облысы);
3 орын-Бекмұханбет Айдар
Құстын аты-Тұмар (Алматы облысы).

  Ителгі:

1 орын-Серікбек Ерасыл
 Құстын аты-Қарақөз (Астана қаласы);
2 орын-Оспанқұлов Таңат 
Құстын аты-Бұл-Бұл (Қарағанды облысы);
3 орын-Оспанқұлов Таңат 
Құстын аты-Түмар (Қарағанды облысы);
3 орын-Аршынбай Дәурен
 Құстын аты-Қарақөз (Түркістан облысы).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль,кубок және ақшалай сертификаттармен марапатталды.