
17 қазанда мүгедектігі бар азаматтар күніне арналған іс-шаралар шеңберінде Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы "Rakhym" қайырымдылық қорымен бірлесіп "Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары: қалыптастыру, дамыту және болашағы" атты ақпараттық-практикалық семинар ұйымдастырды.
Семинарды Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.М. Ахметова ашты, ол өзінің құттықтау сөзінде қонақтарды мүгедектігі бар адамдарды оңалту және абилитациялау саласындағы қызметпен және болашаққа жоспарлар туралы таныстырды.
Мұндай семинарларды өткізу заманауи авторлық әдістемелермен танысуға, жаңа тәсілдерді, әлеуметтік сервистер мен жүйелерді зерделеу арқылы әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Әрине, маңызды нәрсе - тәжірибе алмасу. Семинарда Хакимжанова Гүлнұр Дүйсенқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеуші, Кикебаев Набидулла Аханұлы – ҚР Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі, "Қамбар Ата" атты әскерлер қауымдастығының президенті, ғылым докторы, профессор, Калибекова Сәуле Жантұрайқызы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Мансап орталығының директоры және т.б. спикерлер сөз сөйледі.
Семинар барысында ерекше балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендірудің заманауи тәжірибелері мен әдістемелерінің өзекті мәселелері талқыланды.
Шақырылған қонақтар "Rakhym" орталығы мамандарының практикалық қызметімен, балаларды оңалтудың тиімді әдістерінің бірі ретінде "Ат үстінен оңалту" (иппотерапия) авторлық әдістемесімен танысты.