Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы

Алматы облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым төрағалық етті. Отырысқа прокуратура өкілі, облыстық комиссия мүшелері, аудандар мен Қонаев қаласы әкімдерінің орынбасарлары және аудандық комиссия хатшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібіндегі «2019-2023 жылдарға арналған кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаларды қорқытуға қол сұғатын қылмыстардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын» орындау барысы және аудандық, қалалық әкімдіктер жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың қызметіне мониторинг жүргізу қорытындылары қаралды.

 Жиында облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары М.Қалиасқаров 2019-2023 жылдарға арналған кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаларды қорқытуға қол сұғатын қылмыстардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын орындалуы бойынша баяндама жасады. 

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары               Г.Исағұлова,  облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Л.Серікбаева, облыс әкімі аппараты құқық қорғау органдарымен жұмыс және терроризмге қарсы күрес қызметін ұйымдастыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ә.Есбергенова, Балқаш аудандық білім бөлімінің басшысы Д. Ақмолдаева, Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Н.Сағатбекұлы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ақшабаев баяндама жасады.