Облыстық туризм басқармасының бастамасымен жасөспірімдерге арналған скауттар лагері ұйымдастырылды

Облыстық туризм басқармасының бастамасымен жасөспірімдерге арналған скауттар лагері ұйымдастырылды

Аталған лагерь ерекшелігі скауттық бағыттағы арнайы бағдарламамен облыс аумағындағы балаларға эко мәдениетті дәріптеу. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдерді табиғатта өмір сүруге бейімдеу. Бұл Қазақстанда тұңғыш ұйымдастырылып отырған баламасы жоқ жоба.

Тағы бір айта кетерлігі оқытушылық құрамға облыс аумағындағы ең үздік нұсқаушы, ментор, психолог-педагогтар тартылды. Олар жас туристерге табиғат аясында өмір сүру, қажетті құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану мен қауіпсіздік шараларын сақтау туралы практикалық дәріс берді. Таулы аймақтарда оқыс оқиғаға тап болған жағдайда психологиялық тұрғыда алғаш жасалатын қадамдар да дәріс барысында түсіндірілді.