
«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (әрі қарай – оператор) шағын өнеркәсіп аймақтарын (әрі қарай – ШӨА) құру және олардың жұмыс жасауы жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру аясында, нарық қажеттіліктерін зерделеу мақсатында әлеуетті серіктестерден төмендегі жобаларға өтінімдерді алдын ала қабылдау туралы хабарлайды:
Жаңа ШӨА құрылысы жобаларына;
Өтініш берушінің балансында тұрған, тоқтап тұрған өндірістік үй-жайларды қайта жаңғырту жобаларына;
Өтініш берушінің балансында тұрған, әрекет етуші өндірістік үй-жайды немесе жылжымайтын мүлік объектілерінің кешенін кеңейту жобаларына.
Шағын өнеркәсіп аймақтары өтініш берушінің меншігіндегі не өтініш берушіге жер пайдалану құқығы негізінде тиесілі жер телімдерде, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық немесе өңірлік маңызы бар жеке не мемлекеттік индустриялдық аймақтардың аумағында құрылады.
Жер пайдалану құқығының мерзімі шағын өнеркәсіп аймағын құру үшін оператормен бірлескен шаруашылық қызмет мерзімінен кем болмауы тиіс.
Әріптестік қағидалары:
Қайтарымдылық;
Қамтамасыз етілу;
Нысаналы сипат;
Әлеуетті серіктестерден өтінімдер Қазақстан Республикасы, Қонаев қаласы, 2 ы/а, 38 а-құрылыс мекен жайында жүргізіледі, spk.qonaev@gmail.com Қосымша ақпаратты 8-707-353-93-08 телефон нөмірі бойынша К.Жексембаевтан, 8-778-060-71-51 телефон нөмірі бойынша Ә.Байбосыновтан алуға болады.