
25 тамыз күні облыс әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Есекеев Қуанышбек Бакытбекұлының және тағы да басқа лауазымды тұлғалардың қатысуымен облыстың телекоммуникация саласын дамыту бойынша кеңес өтті. Аталған кеңесте «Қазақтелеком» АҚ-ның және оның құрамындағы компаниялардың Алматы облысы бойынша жоспарлары айқындалды, әкімдік тарапынан аталған компаниялар жұмысындағы проблемалық сұрақтар көтеріліп, олардың шешу жолдары талқыланды.