Облыстық маңызы бар жолдарды асфальттау жұмыстары аяқталды

Облыстық маңызы бар жолдарды асфальттау жұмыстары аяқталды

Қонаев қаласында «Шеңгелді-Сарыбұлақ (Қапшағай сз)» облыстық маңызы бар жолдарды асфальттау жұмыстары аяқталды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мердігер ұйымдардың басшыларымен бірлесіп «Алматы-Өскемен–Қазақстан–Ақши» облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарының барысын және Қонаев қаласының Сейфуллин көшесін абаттандыруды тексерді.
Бүгінде «Алматы-Өскемен–Қазақстан–Ақши» а/ж орташа жөндеу басталды. Жұмыстың тиімділігі мен сапасы үшін мердігер ұйымдармен өндірістік кесте талқыланды.

Облыс әкімінің айтуынша, өткен 2022 жылы қалада жалпы ұзындығы – 41,7 км автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Биылғы жылы Қонаев қаласында ғана емес, облыс орталығының шетінде де ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта «Шеңгелді-Сарыбұлақ (Қапшағай сз)» нысаны бойынша жұмыстардың негізгі бөлігі аяқталды. Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды аяқтау (жол белгілерін орнату, жол белгілерін салу) қалды.
Бұдан басқа, Сейфуллин көшесін жайластыра отырып, екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейту жүргізілуде. Борттық тастарды орнату тротуарларды орналастыру бойынша негізгі жұмыс аяқталу сатысында.

«Егер жұмыстар осы қарқынмен жалғасатын болса, онда күздің соңына дейін жоспарланған жұмыстар аяқталады», – деді Марат Сұлтанғазиев.