
Қонаев қаласында Қазақстан БАҚ қызметкерлері күніне орай салтанатты қабылдау өтті. Мерекеге облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев телеарна, газет ардагерлерін, облыстық, қалалық, аудандық баспасөз органдарының өкілдерін, республикалық басылымдардың меншікті тілшілерін, интернет-ресурстардың редакторларын шақырды. Дәстүр бойынша барлық қонақтарға облыс орталығының дамуы туралы айтты.
-Қонаевтың болашағы керемет. Барлық жоспарлар сәтті жүзеге асса, ол республиканың ең әдемі және заманауи қалаларының біріне айналады. Ескі қала ашық түстермен жарқырап, ал жаңасы еліміздің үздік сәулетшілерінің идеяларымен жүзеге асатын болады.
Сөз алған облыстың бас сәулетшісі Болат Мұсылманбековтің әңгімесін ардагерлер мен жастарда ықыласпен тыңдады. -Жастар болашақ өмірін әрқашан Қонаевтың дамуымен байланыстыратынын жасырмады.
Өңір журналистерін, жиынға қатысушылардың барлығын кәсіби мерекелерімен құттықтаған Марат Сұлтанғазиев БАҚ қызметкерлерінің мемлекеттік саясатты насихаттаудағы маңызды рөлін атап өтіп, журналистердің ел алдындағы жауапкершілігі зор екенін айтты. – Сіздер елдегі сан алуан оқиғаларды жылдам, тиімді және сауатты түрде жеткізе отырып, миллиондаған адамдар үшін ақпараттық өріс қалыптастырасыздар. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, журналистер – халықтың көзі, құлағы, – деді облыс әкімі. Өңіріміздің тарихының шежіресіне айналған басылым – «Алатау шамдары» газетінің 105 жылдық мерейтойымен ерекше құттықтады. Ұжымға жаңа шығармашылық табыстар тіледі. Сондай-ақ, жаңа облыс орталығымен бірге алғашқы қадамдарын жасап жатқан облыстың жаңа газеті «Алатау арайы» да назардан тыс қалмады. – Сіздер елдегі сан алуан оқиғаларды жылдам, тиімді және сауатты түрде жеткізе отырып, миллиондаған адамдар үшін ақпараттық өріс қалыптастырасыздар. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, журналистер – халықтың көзі, құлағы, – деді облыс әкімі. Өңіріміздің тарихының шежіресіне айналған басылым – «Алатау шамдары» газетінің 105 жылдық мерейтойымен ерекше құттықтады. Ұжымға жаңа шығармашылық табыстар тіледі. Сондай-ақ, жаңа облыс орталығымен бірге алғашқы қадамдарын жасап жатқан облыстың жаңа газеті «Алатау арайы» да назардан тыс қалмады.