Қонаевта еліміздің үздік триатлоншылары анықталды

Қонаевта еліміздің үздік триатлоншылары анықталды

Қонаевта бірден екі ауқымды триатлон жарысы өтті: триатлоннан спринт қашықтығы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты, оған спортшылар Элиталық (23 жас және одан жоғары) және U19 (16-19 жас аралығы) санаттары бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен 250-ге жуық кәсіби спортшылар қатысты. Осы күрделі спорт түрінің жанкүйерлері үшін «Темір адам кубогы» республикалық жарыстары бөлек өткізілді.
Үш кезеңнен тұратын бұл көпсалалы жарыста кәсіпқой спортшыларға Қапшағай су қоймасының ашық суында 750 метрге жүзу тапсырылды. Одан кейін олар үздіксіз кезекпен 20 шақырымдық веложарысқа шықты. Ал үшінші айналымда оларды 5 шақырымдық жарыс күтіп тұрды. Барлық осы қашықтықтар Sprint санатына кіреді. Қызықты географиялық пейзаждар байқауға ерекше сән берді.
Ева Пинчук қыздар арасында U19 санатында жеңіске жетті. 19 жасқа дейінгі қыздар арасында Ақмола облысынан келген Ангелина Редченко мен шымкенттік Рамина Агабаева да мықтылар қатарынан көрінді.
Үздік үштікте «U19» санатындағы ұлдар: Елмұрат Қанай (Алматы), Әли Жанат (Астана) және Нұрасыл Халтаев (Түркістан облысы).
Әйелдер арасында «Элит» санатында Надежда Бекмағанбетова (Астана) жеңіске жетті. 2-орында Шымкент қаласының өкілі Арина Шульгина. 3-орында – Қостанай облысынан Юлия Озерова.
Ерлер арасында «Элит» категориясы бойынша Ақтөбе облысынан келген Дарын Қонысбаев чемпион атанды, алматылық Әнуар Тұрубаев 2-орын, астаналық Кирилл Рожков 3-орынға ие болды.