
Жарыстың екінші күні Алматы облысының спортшысы “дөңгелек стенд” жаттығуында үздік шықты.
Сайыста 38 мерген бақ сынады.
Финалға үздік 6 спортшы шығып, Әсем Орынбай бірнеше айналымда ұпай саны бойынша бірінші сатыда тұрды. Ақтық сында Үндістан өкілі Г.Сихонмен жекпе-жекте , алғашқы мүмкіндіктен-ақ жеңімпаз атанды.
Бұл жеңісте Әсем Орынбай Париж-2024 Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді. Ереже бойынша лицензиялық Әлем Кубогында алған ұпайлар жинақталып, ең көп ұпайға қол жеткізген спортшылар Олимпиадаға іріктеледі.
2 және 3 орындарды Үндістанның өкілдері: Г.Сихон мен Д.Раторий иеленді.
Еске сала кетейік, аталған шараның ашылу салтанатында Ә. Орынбайға осы уақытқа дейінгі жеңістері үшін, Облыс башысы Марат Сұлтанғазиев екі бөлмелі пәтердің кілтін тарту етті!
22 мамыр күні Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылындағы Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Әлем Кубогы басталды. Беделді бәсекеге 42 елден 300 спортшы қатысуда. Жарыс 28 мамырға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, аталған шараның ашылу салтанатында Ә. Орынбайға осы уақытқа дейінгі жеңістері үшін, Облыс башысы Марат Сұлтанғазиев екі бөлмелі пәтердің кілтін тарту етті!