
Қазақстанда стенд ату бойынша рейтингтік лицензиялық әлем кубогы өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар қатарында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, "Sport Qory" қолдау қоры, ҚР Спортты дамыту дирекциясы, Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдіктері, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстандық спорттық ату федерациясы бар.
Шараның салтанатты ашылуна қатысқан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өткізіліп отырған жарыстың болашақта жоғары дәрежелі спортшыларды дайындап тәрбиелеуге үлкен септігін тигізетініне сенім білдіріп, шараның маңыздылығына тоқтады:
«Осы жарыстың Алматы облысында өтуі - біз үшін үлкен мәртебе. Бұл кубогқа әлемнің 42 елінен 300 спортшы қатысуда. Бүгін де, облыс спортшылары жүлделі орынды иеленуде, мысалға әйелдер арасында Орынбай Әсем – ІІІ орынды, ерлер арасында Ещенко Эдуард – ІІІ орынды, жастар арасында - Нұрланова Анита - І орынды иеленген. Осындай іс-шараны ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Атыс спорты федерациясына, Азия оқ ату спорты конфедерациясының президенті шейх Салман Аль-Сабахқа, Халықаралық оқ ату спорты федерациясының президенті Лучано Россинге алғысымды білдіремін, сондай-ақ көрсеткен қолдауы үшін Асылов Берік Ноғайұлына ерекше алғыс білдірсін. Бұл сайыс нағыз жеңімпазды анықтасын», - деді өңір басшысы өз өзінде.
Шара 20-29 мамыр аралығында Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында ұйымдастырылады.
Стенд ату бойынша Әлем Кубогына қатысушылардың аталмыш жарыста спорттық рейтингті ISSF кестесі бойынша көтеруге және Франциядағы 2024 жылғы XXXIII Жазғы Олимпиада Ойындарына жолдама алуға мүмкіндігі бар.
Естеріңізге салайық, Александр Асанов атындағы клуб тарихында беделді сайыстар аз емес. Мысалы, 2009, 2013, 2015, 2019 жылдардағы Азия чемпионаттары, 2014 және 2021 жылдары Әлем Кубогінің (ISSF) кезеңі, 2022 жылы X Азия Чемпионаты және ISSF Гран-приі осы ғимаратта өткен.