
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы - Қонаев қаласындағы жұмыс сапары барысында қаланың санитарлық тазалығын және облыс орталығының абаттандыру бойынша нысандарын аралады.
Осы бағыт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды сынға алып, облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Қонаев қаласының әкімдігіне бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Қонаев қаласының тазалығын және абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының сапасын арттыруды қатаң бақылауға алуды тапсырды.
"Қонаев қаласы республика деңгейінде жоғары дамыған және гүлденген қалалардың біріне айналуы тиіс", - деді ол.