Алматы облысының әкімі Талғар ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы облысының әкімі Талғар ауданының тұрғындарымен кездесті

Марат Сұлтанғазиевтің халықпен кезекті кездесуі Талғар ауданының Бесағаш ауылдық округінде өтті, өңір басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар бойнша айтып өтті. Кездесуге 300-ден астам адам келді. Аудан тұрғындарымен кездескен облыс әкімі негізгі міндеттердің бірі – халықты баспанамен қамту екенін айтты.

«Өткен жылы ауданда әлеуметтік осал және көпбалалы отбасыларға тұрғын үй берілмеді, биыл да жоспарда жоқ», – деді халықтың мәселесін көтерген облыс әкімі.
Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, биылғы жылдың соңында Талғар қаласында 216 пәтерге арналған 3 кредиттік үй қолданысқа беріледі.
Сонымен қатар аймақ басшысы мұнда 9 мыңнан астам тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, бұл халықтың ішкі көші-қонының өсу көрсеткіштерінің бірі екенін алға тартты.
«Бұл мәселеге ерекше назар аудару керек, өйткені халықтың тұрғын үй ұсыныс санынан асып кетуі аудан тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатына әсер етуі мүмкін», – деді Марат Сұлтанғазиев.
Аталған мәселелерге байланысты өңір басшысы аудан әкіміне тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтуды және жеке тұрғын үй құрылысына қажетті инженерлік инфрақұрылымы бар дайын алаңдарды қамтамасыз етуді тапсырды.