Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Құрметті облыс тұрғындары!
Мамыр айында еліміз тағы бір айтулы мерекені – Отан қорғаушылар күнін кең көлемде атап өтеді. Осыдан тура 31 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері құрылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан әскері қорғаныс қабілеті мен кәсібилігін шыңдап, жауынгерлік қимылдарын айтарлықтай дамытты.
Қуатты армия – ел тәуелсіздігінің тірегі. Әрбір Қазақстан азаматының қауіпсіздігі мен ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі – Қарулы Күштер екені жасырын емес. Әскерилердің жоғары жауынгерлік әзірлігі тұрақтылықтың, еркіндік пен ұлттық мүддені қорғаудың негізі болып саналады. Сондықтан, жас ұрпақты ата-бабаларының озық дәстүрімен тәрбиелеу, оларға отансүйгіштік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, білім алуы мен дене шынықтыруына барлық жағдай жасау – өте маңызды іс. Қазақ жауынгерлері тәуелсіздікті сақтап, бейбітшілігімізді дәріптеп, халықтың бірлігін, қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуде жоғары жауапкершіліктің үлгісін көрсетуі керек. Өйткені, бұл тәуелсіз Отанымыздың ең басты байлығы – халық, ел бірлігі және тәуелсіздік. Осы құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, қорғай білу – баршамызға артылған қасиетті парыз.
Қадірменді отандастар!
Отан қорғаушылар күнімен барша облыс тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңырақтан тыныштық пен береке кетпесін! Келісім мен тұрақтылықты ту еткен мемлекетіміз мәңгі жасасын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!