Алматы облысының жас фельдшері жеті нәрестенің аман-есен дүниеге келуіне көмектесті

Алматы облысының жас фельдшері жеті нәрестенің аман-есен дүниеге келуіне көмектесті

25 жастағы фельдшер Дархан Бақыткелдіұлы 2019 жылдан бастап Іле аудандық орталық ауруханасының № 21 қосалқы станциясының облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бөлімшесінде жұмыс істейді. Тағдырдың қалауымен жас фельдшер жеті нәрестенің аман-есен дүниеге келуіне көмектесті. Ол соңғы рет 2023 жылы 22 сәуірде әйелді жедел жәрдем көлігінде босандырып алған.
"Сағат 13:30-да Комсомол ауылында тұратын әйелден шақыру келіп түсті, біз шақыру бойынша келген кезде босанудың белсенді кезеңі басталғаны анықталды, толғақ әр 3-4 минут сайын қайталанды. Біз Іле аудандық орталық ауруханасының перзентханасына бірден баруды шештік. Бірақ жедел жәрдем көлігінде әйелге шұғыл көмек көрсетуге тура келді", - деп еске алды ол.
Дархан Бақыткелдіұлы көлікте баланың кіндігін кесіп, қажетті гигиенаны жүргізіп, анасының кеудесіне қойды. Бала салмағы 3600 г және бойы 53 см болып дүниеге келген. Бүгін олар перзентханадан шықты.
"Мен алғаш рет жүкті әйелді 2019 жылы босандыруға көмектестім. Ол отбасымен хабарласып тұрамын. Бірнеше рет шақыртуға да барлдым. Сонымен қатар басқа да босандырған әйелдер мен олардың балаларын жиі кездестіремін", - деді фельдшер.
Дарханның мамандық таңдауда анасының пікірі үлкен әсер еткен. Ол медициналық колледжде болашақ жарын жолықтырған. Сондықтан фельдшер мамандығын таңдағанына өкінбейтінін айтады.