
Техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, білім алушылар мен жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту және Ұлттық чемпионатқа қатысатын үміткерлерді анықтау мақсатында Алматы облысында «WorldSkills» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты бастау алды.
Аймақтың чемпионаттың ашылу салтанатында Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова сөз алып, қатысушы жастарға сәттілік тіледі.
- «WorldSkills» жай ғана байқау емес, бұл үлкен қозғалыс. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары басталған бірегей жоба жұмысшы жастарға берілген орасан зор мүмкіндік. Біздің елімізде 2105 жылы белең ала бастады. Бүгінді аталмын чемпионат өзіндік өрнегін салды, оған ерекше мән беріліп келеді. Жыл сайын жас дарындарғма даңғыл жол ашқан жобаға қатысушы бүгінгі талапкерлерге тек жеңіс тілеймін. Шын жүйрік өз бағасын алады деп сенемін»,- деді Гүлсара Тастандықызы.
Облыстағы бес бірдей колледжде өтетін бұл чемпионатқа 19 колледжден 23 компетенция бойынша 64 студент қатысатын болады.
Білімгерлер, «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Шанақ жұмыстары», «Дәнекерлеу технологиясы», «Кірпіш қалау», «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Плиткамен қаптау», «Ағаш өңдеу жұмыстары», «Электромонтаждық жұмыстар», «Веб-технологиялар», «Графикалық дизайн», «Аспаз ісі», «Сән технологиясы», «Шаштараз өнері», «Кіші сыныптарда оқыту», «Дене шынықтыру және спорт», «Мектепке дейінгі тәрбие және дайындық» құзіреттіліктері бойынша сынға түсетін болады. Аталмыш білімділер бәсекесі үш күнге созылмақ.
«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының вице-Президенті Нұржан Садықовтың айтуынша, «WorldSkills» чемпионаты бұл жастардың мансаптағы алғашқы қадамдары болып табылады.
«Бұл чемпионат жұмысшы жастардың өзін-өзі жетілдіруіне кқп септігін тигізеді. Студенттер мамандықтарына қарай берілген тапсыроманы уақытылы орындауы тиіс. Сарапшылар өздерінің бағаларын арнайы талаптарға қарап беретін болады. Басыт көңіл бөлетін нәрсе-сапа. Жұмыс, тиянақты әрі жүйелі жасалынуы тиіс. Бұл жастарымыздың болашақтағы еңбек жолына деген алғашқы қадамдары болып табылады. Мұндағы сарапшылардың көзіне түссе жұмыс орны дайын деп есептеуге болады»,- деді Нұржан Садықов.
Студенттердің кәсіби шеберлігін бағалау үшін сарапшылар «KHAMA PARK” мейрамханасы, «AN» ЖК, «Нур-Техресурс» ЖШС, Талғар аудандық электр желілерінің АЖК кабельдік желілеріне қызмет көрсету және жөндеу шебері, «Bugin Holding» ЖШС «DosPrintServis» ЖК, «CrownStar» ЖШС Казахстан қонақ үйі, «BALYM» ЖК, «АЛЬФА-МОТОРС» ЖШС, «HEASHOP» кәсіпорындары мен В.Терешкова Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп және «Айжан» бөбекжай балабақшасының мамандар тартылған.
Аймақта оза шапқан қатысушы республикалық жарыста бақ сынайтын болады. Республикада топ жарғандар халықаралық «WorldSkills» чемпионатына жолдама ала алады.