Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Алматы облысына ресми сапармен келді

Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Алматы облысына ресми сапармен келді

Іссапар барысында ректор Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевпен кездесіп, кәсіби мемлекеттік аппаратты құру және тиімді мемлекеттік қызметшілер корпусын қалыптастыру жолында бірлескен жобаларды іске асыру, мемлекеттік қызметшілердің құзыреттіліктерін дамыту және т.б. сұрақтарды талқылады.

Сондай ақ, облыс әкімі аппаратының басшысы Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаевтың төрағалығымен облыстық басқарма басшыларымен, аудан әкімі аппаратының басшыларымен және облыстың мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізіп, мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілген өзгерістер туралы, Академияның ағымдағы қызметі, магистратура және докторантура бағдарламаларына оқуға түсу мәселелері бойынша ақпараттық сессия жүргізді.

Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша филиалының ғимаратымен және қызметімен танысып, біліктілігін шыңдап жатқан мемлекеттік қызметшілермен кездесті.