
Ағымдағы жылдың 6 мен 13 сәуірі аралығында, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің бастамасымен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, "ҚАЖК апталығы" өткізіледі.
Акция аясында, Қонаев қаласының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының ғимаратында колонияларда шығарылатын бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды.
Сіздер, эксклюзивті және қолдан жасалған бірегей өнімдермен таныса аласыз және оларға өндірушілерден тапсырыс бере аласыз.
Сонымен бірге, Сіздерде колониялардың өнеркәсіптік аймақтарында өз бизнесіңізді ашу туралы ақпарат алу мүмкіндігіңіз бар.
Біздің мекен-жай: Қонаев қаласы 1 ш/а 14Б, Атамекен кәсіпкерлер палатасының ғимараты