Алматы облысы аумақтары бойынша көшпелі семинар-кеңестер өтті

Алматы облысы аумақтары бойынша  көшпелі семинар-кеңестер өтті

27 ақпанда, 01-02 наурызда  Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Мейрамгүл Айтова мен Бижамал Байтасова  2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша Қонаев қаласында, Қарасай, Райымбек аудандарында көшпелі семинар-кеңестерге қатысты.

Іс-шараға жергілікті атқарушы, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Алматы облысының аумақтық  сайлау комиссиясының мүшелері сайлау заңнамасының жаңалықтарына, 29 бірмандаттық округ бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары, сайлау алдындағы үгітті қаржыландыру, сондай-ақ ұлттық байқаушыларды аккредиттеу мәселелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Бағдарламалардың екінші бөлігінде учаскелік сайлау комиссияларына арнап кейс технологиясы негізінде іскерлік ойын түрінде тренингтер өткізілді. 

Арнайы ұйымдастырылған іскерлік ойын барысында сайлау комиссияларының мүшелері дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссияларының барлық жұмысын (дауыс берушілерді тіркеу, бюллетеньдер беру, басқа облыстан есептен шығару  куәлігімен  дауыс беру және т.б.) көрсете отырып, учаскелерде дауыс беру процесін модельдеді.

Семинар-кеңестер соңында Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының барлық сұрақтарына жауап берді.

Көшпелі семинар-кеңестер кестеге сәйкес Алматы облысының барлық аудандарында өткізілуі жоспарланған.