
2023 жылғы 21 ақпанда Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы М.Қ.Айтованың қатысуымен алдағы сайлаудың ерекшеліктері туралы баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз мәслихатында сайлау комиссиясының төрайымы БАҚ өкілдерін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Алматы облысы маслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу қорытындылары туралы хабардар етіп, үгіт кезеңі бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берді.